Өмірбаян
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы
1958 жылы туған. 1980 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін, 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген. Профессор. 1980-1993 жылдары ҚазМУ-да ассистент, аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді.
1993 жылдан дипломатиялық қызметте болды. 1993-1994 жылдары ҚР сыртқы істер министрлігінде бірінші хатшы, бөлім бастығы, 1997-1999 жылдары ҚР Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы болып істеді, одан кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінде қызмет атқарды, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы болып тағайындалды. 1999-2004 жылдары ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004 жылдан 2006 жылға дейін ҚР Президентінің кеңесшісі - ҚР Президенті протоколының бастығы. 2006 жылдың ақпанынан 2007 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2007 жылдың қаңтарынан ҚР Білім және ғылым министрі.