Автор туралы

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов

     Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, 37 жаста.
     Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы 1971 жылы Алматы қаласында туған. Өзінің еңбек жолын ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде жетекші экономист мамандығынан бастайды.
     2002 жылы Департамент директоры, одан соң Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі болып тағайындалады.
     2006 жылы Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасының Статистика агенттігін басқарады. Екі жоғары білімі бар – Қазақ ұлттық техникалық университетін үздік дипломмен және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.
     2007 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін басқаруда.
     Б. Сұлтанов – Орталық Азиялық Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасының (CAREC) Қазақстан Республикасындағы Ұлттық үйлестірушісі.

 

Соңғы пікірлер
Соңғы сұрақтар