- Жазбалар
- Өзекті сұрақтар
- Өтініш білдіру
Смайылов Әлихан Асханұлы
1972 жылғы 18 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келді.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді.
1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, экономика және болжамдау институтын бітірді, Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі берілді.
1993 жылдан бастап 1995 жылды қоса алғанда «А-Инвест» Инвестициялық жекешелендіру қорында жұмыс істеді.
1996 жылғы тамыздан бастап 1998 жылғы наурызды қоса алғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы қызметтерін атқарды.
1998 жылғы наурыздан бастап 1998 жылғы сәуірді қоса алғанда Қазақстан Республикасы Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары болды.
1998 жылдан бастап 1999 жылды қоса алғанда Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, бөлімнің сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарды.
1999 жылғы қарашадан бастап 2003 жылғы ақпанды қоса алғанда Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы болды.
2003 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды.
2003 жылдан бастап 2006 жылды қоса алғанда «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы болды.
2006 жылғы ақпаннан бастап 2007 жылғы қаңтарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып тағайындалды.
2007 жылғы қаңтардан бастап 2008 жылғы қарашаны қоса алғанда «Казагро» Ұлттық холдингтің Төрағасы болды.
2008 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып тағайындалды.
2009 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.






