Автор туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

 

ҚАЙРАТ АЙТМҰХАМБЕТҰЛЫ НҰРПЕЙІСОВ
 
1957 жылдың 21 қыркүйегінде Павлодар облысында туған. Павлодар педагогикалық институтын (1979ж.), Алматы халық шаруашылығы институтын (1986ж.) бітірген. Математика пәнінің мұғалімі, экономист.
Павлодар облыстық қаржы басқармасында аға экономист, аға ревизор-инспекторы және мемлекеттік кіріс бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.
1990 – 1996 жж. – Павлодар облысы бойынша салық инспекциясы бастығының орынбасары, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының бастығы.
1996 – 1997 жж. – Павлодар облысы бойынша салық басқармасының бастығы.
1997 – 1998 жж. – Павлодар облысы бойынша салық комитетінің төрағасы.
1998 – 2002 жж. - Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, Мемлекеттік кіріс вице-министрі қызметтерін атқарған.
2003 жылы – Павлодар қаласының әкімі.
2003 – 2008 жж. -  Павлодар облысының әкімі болды.
2008 -2009 жж.-  Қазақстан Республикасы Президенті  Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2009 жылдың тамыз айынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Үйленген, екі қызы бар.
Соңғы сұрақтар