Мұсабаев Талғат Аманкелдіұлы 1951 жылы 7 қантарда Қазақ ССР, Алма-Ата облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы кентінде интелегенция отбасында туған.
Ұлты – қазақ. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.
«Авиациялық радиожабдықтарды техникалық пайдалану» мамандығы бойынша Ленин комсомолы атындағы Ригадағы азаматтық авиация инженерлері институтын бітірді (1974 ж.); Алма-Аталық ААФЖЕҚ аэроклубында оқыды (1977-1984 ж.ж.); 1986 жылы ССРО азаматтық авиация министрлігінің жоғарғы біліктілік комиссиясымен азаматтық авиация ұшқышының куәлігі берілді; азаматтық авиацияның 30-шы оқу-жаттығу жасағында, экономикалық өзара көмек көрсету Одағы мемлекеттер-мүшелер азаматтық авиациясының ұшқыштар, диспечерлік және инженерлік-техникалық құрамын дайындау Ульянов орталығында дайындақ өтті (1989 ж.); Ақтөбелік жоғарғы ұшқыш училищесін бітіріп, инженер-ұшқыш дипломына ие болды (1993 ж.).
Еңбек жолын 1974 жылғы 1 сәуірден азаматтық авиация әуе қатынас жолдарынның Бурундай біріккен авиациялық жасағының (БАЖ) авиациялық және радиоэлектронды жабдығының кезекті инженері болып бастады.
1990 жылғы қырқүегіне дейін Қазақ азаматтық авиация басқармасында түрлі инженерлік, ұшқыштық және басшылық орындарында. 1990 жылдан бастап 2003 жылға дейін Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлерды дайындау Орталығында ғарышкер-зерттеуші болуға үміткер, ғарышкер-сынаушы болуға үміткер, нұсқаушы-ғарышкер-сынаушы, топ командиры-нұсқаушы-ғарышкер-сынаушы лауазымдарында.2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін РФ қарулы күштерінің армиялық авиация ұрыс дайындығының бастығы; 2005 жылдан бастап 2007 жылға дейін – «Байқоңыр» космодромында «Бәйтерек» ғарыш ракеталық кешенін құруға арналған «Бәйтерек» Қазақстандық-Ресейлік бірлескен кәсіпорын» АҚ бас директоры; 2007 жылғы ақпан айының 10-шы жұлдызынан бастап 2007 жылдың сәуір айының 11-ші жұлдызына дейін – ҚР БҒМ аэроғарыштық комитетінің төрағасы. 2007 жылғы сәуір айының 11-ші жұлдызынан бастап осы уақытқа дейін – ҚР Ұлттық ғарыштық агенттігінің төрағасы.1 дәрежелі ұшқыш-ғарышкер, жалпы ұзақтылығы 342 тәуліктен аса үш ұзақ ғарыштық ұшу жасады. 1994 жылдың 1 шілде-4 қараша аралығында Ю.Маленченко және В.Поляковпен «Союз ТМ-19» ғарыш кемесінде «Мир» орбиталық кешеніне ЭО-16 негізгі экспедициясының бортинженері ретінде алғашқы ғарышқа ұшты. Ашық ғарышқа жалпы ұзақтығы 11 сағат 7 минут екі рет шығыс жасады. Ұшудың ұзақтылығы 126 тәулік құрады.
1998 жылдың 29 қаңтар-25 тамыз аралығында «Союз ТМ-27» ғарыштық корабліндежәне «Мир» орбиталық кешенінде ЭО-25 (НАСА-7/ «Пегас») екінші рет ғарышқа ұшты.
Үшыс уақытында ашық ғарышқа жалпы ұзақтылығы 30 сағат 8 минут 5 шығыс жасады. Ұшыстың ұзақтылығы 2008 тәулік құрады.2001 жылдың 28 сәуірі-6 мамыры аралығында Ю.Батурин және әлемдегі алғашқы ғарыштық турист – АҚШ азаматы Денис Титомен «Союз ТМ-32» және «Союз ТМ-31» кемесінің командирі ретінде, ғарыштық туризмның кезеңін ашып (Әлемдік біріншілік), өзінің үшінші ғарыштық ұшысын жасады.
Өзінің еңбек және қоғамдық жұмысында авиация және космонавтика дамуына, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық және өзара тиімді әріптестіктің нығайтуына және Әлемдік космонавтика саласына зор үлес қосты. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі.
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары:
- «Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы» Алтын жұлдызы (1995 ж.);
- «Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері» (1995 ж.);
- «Герой России» Алтын жұлдызы (1994 ж.);
- «Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері» (1994 ж.);
- «Отан» ордені (Қазақстан Республикасы, 1998 ж.);
- «Барыс» I дәрежелі ордені (Қазақстан Республикасы, 2001 ж.);
- «Астана» медалі (1999 ж.);
- «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі (2008 ж.);
- «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі (2009 г.);
- «Петра Великого I степени» Ресейлік қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіп академиясының ордені (2005 ж.);
- «За заслуги перед отечеством II степени» (Ресей Федерациясы, 2001 ж.);
- «За заслуги перед отечеством III степени» (Ресей Федерациясы, 1998 ж.);
- «Күміс бүркіт» Австриялық орден (1991 ж.);
- «Дружбы народов СССР» ордені (1991 ж.);
- «За воинскую доблесть I степени» медалі;
- «За безупречную воинскую службу» медалі;
- «Үлкен салмақты ғарыштық объектті жинақтауда әлемдік рекорд үшін (248 673,7 кг)» Де-Лаво атындағы арнайы медалі (Халықаралық авиация және астронавтика федерациясы, 1998 ж.);
- «Ғарыштық ұшыс үшін» NASA-ның арнайы медалі (АҚШ, 1998 ж.);
- Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасы (1984 ж.).
Ғылыми атақтары және дәрежелері:
- Астронавтика халықаралық академиясының академигі;
- ақпаратандыру халықаралық академиясының академигі;
- ресейлік қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіп академиясының академигі;
- Қазақстан Республикасының ұлттық инженерлік академиясының академигі;
- ғарыштық техника саласында Қазақстандағы жалғыс техникалық ғылымдарының докторы;
- Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарының Құрметті профессоры.
Құрмет атақтары
- Байқоныр қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан, Ресей, АҚШ біраз облыстары, қалалары, аудандарының Құрметті азаматы;
- «Машинажасау және ғарыштық сала» номинациясы бойынша «2008 жылдын үздік инженері» атағына ие болды.
Әскери қызмет, атақтары:
- РФ ӘӘК генерал-майоры (2003 ж.);
- Қазақстан Республикасы авиация генерал-лейтенанты (2007 ж.).
Спорт саласындағы жетістіктері:
- Жоғарғы пилотаж бойынша ССРО спорт шебері;
- спорттық гимнастика бойынша ССРО спорт шебері;
Отыздан астам ғылыми еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген мақалалары бар.