- Жазбалар
- Өзекті сұрақтар
- Өтініш білдіру
Сауат Мыңбаев Мұхаметбайұлы
1962 жылғы 19 қарашада Талдықорған облысы Үшарал ауылында дүниеге келген.
1985 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Экономист-кибернетик» мамандағы бойынша тәмамдады.
1985 жылғы қарашадан 1988 жылғы қараша аралығында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды.
1989 жылғы қаңтардан 1990 жылғы ақпанға дейін Алматы ауыл шаруашылығы институтында мұғалім болып жұмыс атқарды.
1990 жылғы ақпан мен 1990 жылғы қараша аралығында Алматы ауыл шаруашылығы институтының Ауыл шаруашылығын жоспарлау кафедрасы доцентінің міндетін атқарды.
1991 жылғы қаңтардан 1992 жылғы шілдеге дейін - Республикалық «Казақстан» құрылыс биржасының президенті, Алма-Ата қаласы.
1992 жылғы шілдеден 1995 жылғы қаңтарға дейін – «Қазкоммерцбанк» акционерлің банктің Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Алма-Ата қаласы.
1995 жылғы қаңтардан 1995 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.
1995 жылғы қарашадан 1997 жылғы қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары – ҚР ҚМ-нің жанындағы Казначействоның басшысы, Алматы қаласы
1997 жылғы қаңтардан 1997 жылғы наурызға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші орынбасары, Алматы қаласы.
1997 жылғы наурыздан 1997 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары (вице-министр), Алматы қаласы.
1997 жылғы қарашадан 1998 жылғы ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші вице-министрі, Ақмола қаласы
1998 жылғы ақпаннан 1999 жылғы қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі, Астана қаласы.
1999 жылғы қаңтардан 1999 жылғы шілдеге дейін - Қазақстан Республикасының Әкімшілік Басшысының орынбасары, Астана қаласы.
1999 жылғы шілдеден 2001 жылғы мамырға дейін - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі, Астана қаласы.
2001 жылғы мамырдан 2002 жылғы мамырға дейін – «Қазақстанның Даму банкі» ЖАҚ Президенті, Астана қаласы.
2002 жылғы маусымнан 2003 жылғы маусымға дейін – «Каспий Өнеркәсіп-Қаржылық Тобы» ЖШС-ның Бас директоры, Алматы қаласы.
2003 жылғы маусымнан 2004 жылғы желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
2004 жылғы желтоқсаннан 2006 жылғы қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда Министрі.
2006 жылғы қаңтардан 2007 жылғы тамызға дейін – «Самырұқ» Қазақстан мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдинг» АҚ Басқармасының төрағасы.
2007 жылғы 27 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі.
Үшінші дәрежелі «Барыс» Орденімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің 10-жылдығы мерейтойына арналған медальмен марапатталды.
2010 жылдың наурызынан Мұнай және газ министрі.






