Өмірбаян
1952 жылы туған. Қарағанды политехникалық институтын, Ресей басқару академиясын бітірген. Мамандығы бойынша – инженер-механик, саясаттанушы.
Еңбек жолын Кузнецк металлургия комбинатында бетоншы болып бастады. «Карагандауголь» комбинаты шахталарында бұрғылаушы, кенші болып жұмыс істеді. Қарағанды облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы қызметтер атқарды. Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қарағанды облысы бойынша төрағасы болды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары болып сайланды. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы, Көлік және комммуникация вице-министрі, Экономика, индустрия және сауда вице-министрі, Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің төрағасы, Көлік және коммуникация бірінші вице-министрі қызметтеріне тағайындалған.
2007 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрілігінің жауапты хатшысы.
2009 жылғы 4 наурызында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, медальдермен марапатталған.