logo
46668
Поступивших обращений
Куришбаев А.К.
Министр сельского хозяйства РК
5 марта 2010 г. №33759
Есимбеков Багдат
Автору блога: Министр сельского хозяйства РК
Категории: Сельское хозяйство

менин сиздерге коятын сауалым шаруа кожалыгын ашайын десем жер жок.бар жерлерди алып койган.бул жерлер пайдаланусыз жатыр.таги бир жагдай кейбир шаруа кожалыктарынын жерлери бар бирак малдары жок егин екпейди мундай жагдайда калай болады?
Ответы (1)
25 марта 2010 г.
Куришбаев Ахылбек Кажигулович

Құрметті Бағдат!

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңы бойынша әр азаматтың шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін ақылы жер пайдалану құқығымен 49 жылға дейінгі мерзімге ауыл шаруашылығы санатындағы жерлерді мемлекеттен жалға алуға құқығы бар.

Ол үшін Сіз жергілікті атқару органына, яғни аудандық не қалалық әкімдікке арыз жазып, Заңда көрсетілген тиісті құжаттарды тапсыруыңыз қажет. Әкім шешімі шыққан соң жерді мемлекеттік тіркеуден өткізіп, салық органына салық төлеуші ретінде, яғни жеке кәсіпкер болып есепке тұрасыз.

Құжаттарыңыз бәрі дұрыс болса Сізге ескертулер болмауы тиіс.

Жер болмаған жағдайда да Сізге жергілікті әкімдік ресми негізделген жауап беруге міндетті.

Ал бос, 2 жыл және одан да көп мерзімде пайдаланылмай жатқан жерлер болса, ол жерлер Жер кодексінің 92 бабына сәйкес жергілікті жер инспекцияларының шағымдануымен сот арқылы мемлекетке қайтарылады.