Өмірбаян
Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед
1960 жылы 12 желтоқсанда ҚХР Шәуешек қаласында дүниеге келді. Қазақ. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдарының докторы, профессор. 100 – ден аса ғылыми еңбектері, оның ішінде 6 монографиясы жарық көрді.
Ғылыми қызметінің негізгі бағыты: мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық білімдер тарихы.
1982 - 1992 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» баспасының Бас редакциясында ғылыми редактор, аға ғылыми редактор, философия, құқық және әлеуметтану редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы - бас директордың орынбасары.
1992 - 1999 жылдар аралығында шағын кәсіпорын директоры, «Атамұра» корпорациясының президенті.
1999 - 2001 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заңнама және құқықтық реформа комитетінің хатшысы, Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.
2001 - 2003 жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.
2003 - 2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2007 - 2008 жылдары Қызылорда облысының әкімі.
2008 - 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі.
2010 жылғы 12 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996 жыл), «Құрмет» орденымен марапатталды (2004 жыл).