Өмірбаян
Ерғожин Дәулет Еділұлы
1979 жылы туған.
1998 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы – ҚМБА менеджер-экономистер Институтын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.
2001 жылы Экономика және құқық Университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
2003 жылы Іскерлік Әкімшілендіру Магистрі дәрежесіне ие болады (АҚШ, Suffolk University).
Атқарған қызметтері:
1998 жылдан бастап - «ҚазТрансОйл» МТҰК АҚ Клиринг Департаментінің маманы;
2003 жылдың қыркүйегінен бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаменті директорының орынбасары;
2005 жылдың шілдесінен бастап – «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ экономика мен қаржы жөніндегі Бас директорының орынбасары;
2006 жылдың мамыр айынан бастап – Премьер-Министрдің Орынбасары – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің кеңесшісі;
2006 жылдың қыркүйегінен бастап – ҚР Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің Мамандырылған бөлімнің бастығы;
2007 жылдың қаңтарынан бастап – ҚР Қаржы вице-министрі;
2008 жылдың қазан айынан бастап – ҚР Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің Төрағасы.