Автор туралы

ҚР Ішкі істер министрі

Серік Нұртайұлы Баймағанбетов

 1958 жылы туған. М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетін, КСРО Ішкі істер министрлігінің академиясын тәмамдаған, заң ғылымдарының кандидаты.
 
1980-1992 жылдары ішкі істер органдарында әртүрлі лауазымдар атқарды.
 
1992-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкім­ші­лігінде басшы лауазымдарда жұмыс істеді.
 
2001-2007 жылдары Ішкі істер вице-министрі, Әділет вице-министрі, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
 
2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
 
2009 жылғы 2-шісәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.
 
2001 жылдың желтоқсанында ішкі қызмет генерал-майоры атағы берілді. "Құрмет"орденімен марапатталған.

 

Соңғы пікірлер
Соңғы сұрақтар