- Жазбалар
- Өзекті сұрақтар
- Өтініш білдіру
Өмірбаян
Әшімов Нұрғали Садуақасұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі тағайындалды.
1959 жылдың 10 қазанында Шымкент қаласында дүниеге келді.
Мәскеу экономика-статистикалық институтты (1981) инженер-математик мамандығымен, Мәскеу экономика-статистикалық институт аспирантурасын бітіріп шықты. Экономика ғылымының кандидаты (1989).Дессертация тақырыбы: «ӨАБЖ ақпараттық базасын жобалау әдістерін зерттеу және дайындау».
1981 жылдан - Қазақ КСРО Мемжоспарының жанындағы ғылыми-зерттеу институтының кіші қызметкері.
1987 жылдан - Қазақ КСРО Мемжоспарының жанындағы ӨБАЖ бөлім меңгерушісі.
1990 жылдан - Қазақ КСРО Министрліктер кеңесі жанындағы Республикалық кадрларды қайта дайындау институтының аға оқытушысы, Қазақ химия-технологиялық институтының аға оқытушысы.
1992 жылдың наурызынан - Мемлекет басшысының кеңесшісі,
1992 жылдың тамызынан – Мемлекет басшысының Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша әкімдігі орынбасары – мемлекеттік мүлік бойынша Оңтүстік-Қазақстан аймақтық комитетінің төрағасы.
1993 жылдың желтоқсанынан – Мемлекет басшысының Оңтүстік-Қазақстан облыстық әкімдігінің орынбасары.
1996 жылдан - Оңтүстік-Қазақстан облыстық Ұлттық банк басқармасының бастығы.
1997 жылдан – экономика және сауда вице-министрі.
1997 жылдан – «Тұран Әлем Банкі» жабық акционерлік қоғам басқармасы төрағасының орынбасары.
1998 жылдан – Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
1999 жылдың ақпанынан - Қостанай қаласының әкімі. 2000 жылдың шілдесінен «Қазтрансгаз» ЖАҚ коммерция және маркетинг бойынша вице-президенті.
2000 жылдың қарашасынынан - «Intergas CentraI Asia» ЖАҚ бас директоры.
2001 жылдың қаңтарынан - «Intergas CentraI Asia» ЖАҚ президенті.
2002 жылдың қыркүйегінен - Энергетика және минералды ресурстарының алғашқы вице-министрі.
2003 жылдың қарашасынан - Батыс-Қазақстан облысының әкімі.
2007 жылдың тамызынан – Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі.
2009 жылдың наурызынан - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі.






