Өмірбаян
Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы
1962 жылы 19 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
Білімі: Алматы сәулет-құрылыс институты (Алматы, 1984ж.); В.В. Куйбышев атындағы Мәскеу инженер-құрылыс институты (Мәскеу,1987 ж. - аспирантура);
Д.А. Қонаев атындағы университет (Алматы, 2005 ж.); инженер-құрылысшы, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты.
1996 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша баға және монополияға қарсы саясат комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдан Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау бойынша департаментінің директоры. 2004 жылдан Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2006 жылдан Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары. 2007 жылғы желтоқсаннан Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы.