Санаттар: СПОРТ
Осы жылы Мемлекет Басшысының Жолдауы еліміздің одан әрі даму міндеттерін бірлесе шешу үшін республикалық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сонымен қатар қазақстандық қоғамның күш-жігерін шоғырландыруға бағытталған тапсырмаға айналып отыр.
Осы жылғы Жолдау – өткен онжылдықтың сәтті өтуі туралы «аттестат» қана емес, сонымен бірге болашаққа бағдарланған жоспар ретінде қабылдануы тиіс. Өз басым биылғы Жолдауды алдағы жылға арналған нақты іс-әрекеттер жоспары деп қабылдадым.
Президент 2020 жылға дейінгі дамудың стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде қазақстандықтардың денсаулығын қамтамасыз ету міндетін қойды. «Салауатты өмір салты және адамның өз денсаулығы үшін жауапкершілікте болу қағидаты – халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың және күнделікті өмірдің басты мәселесі болуы тиіс» - деп мәлімдеді Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында.
Тәуелсіздік алған сәтте жас мемлекетіміздің алдында тұрған қиындықтарға қарамастан, бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамытуға қатысты орасан зор жұмыс атқарылды.
Ірі халықаралық жарыстар мен әлем чемпионаттарындағы жеңістеріміз соның дәлелі. Бүгінгі таңда дене шынықтыру мен спортты дамытудағы мемлекеттік саясат салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың барлық жігін тарту арқылы бұқаралық спорт түрлерін дамытуға, спорттың халықаралық талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған. Қазіргі уақытта спорт саласының заңнамалық базасын жетілдіру жөнінде де біршама жұмыстар атқарылып жатыр.
Бұл ретте атай кеткім келгені, Жаңғырту стратегиясы бүкіл ел бойынша әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде спорт саласының инфрақұрылымын дамытуға ерекше серпін берді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен соңғы бес жылда спорт саласын республикалық бюджет есебінен қаржыландыру көлемі 9 есе ұлғайтылды, атап айтқанда, 2005 жылы 7,2 млрд.теңге болса, ағымдағы жылы бұл мөлшер 63,3 млрд.теңгені құрап отыр. Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсеткені үшін спортшыларға берілетін материалдық сыйақы мөлшері де өсті. (Айталық, бүгін алтын медальдің иесі мен оның жаттықтырушысы 250 мың доллар, күміс медальдің иегері мен оның жаттықтырушысы – 150 мың доллар, қола медальдің иегері мен оның жаттықтырушысы – 75 мың доллар алады).
Президенттің Туризм және спорт министріне және қалалар мен облыстардың әкімдеріне елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды айқындау және оларды іске асыру қажеттігі туралы жасаған ескертуі өте әділ айтылды деп есептеймін. Бұл міндетті жұмыла шешу қажет, сонда ғана болашақта дені, тәні сау ұлттың ұрпағын көре аламыз, сонда ғана үлкен спорттың резервіне қол жеткізе аламыз.
Бүгінгі таңда, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысушылардың саны 2008 жылмен салыстырғанда 95 мың адамға көбейіп, жалпы саны 2,5 миллион адамға жеткен. Балалар мен жасөспірімдерге арналған мектеп-интернаттар санының 415-ке дейін артуы бүгінгі таңда 226 мың бала мен жеткіншекті қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Бұған қоса, бүгінде республикамызда спортта дарынды балаларға арналған 15 мектеп-интернат жұмыс істейді, ондағы спортшылардың саны 4 мыңға жуық. Әрине, алға қойған мақсатқа жету үшін бұл цифрлардың әлі де болса аз екендігі сөзсіз. Ел Президенті – бұқаралық спортпен айналысушылардың санын 30%-ға дейін арттыру туралы міндет қойып отыр. Халықтың денсаулығы туралы мәселе – елдің дамуы үшін стратегиялық маңызды мәселе.
Материалдық-техникалық базаның жоқтығы – бұқаралық спорттың дамуына тежеу болмауы тиіс. Бүгінде елде 25 мыңнан астам спорттық кешен бар. Алайда мәселені жер-жерде: ауылдарда, кішігірім қалаларда, ірі мегаполистерде қолға алу керек. Теннис корттарын, баскетбол алаңдарын, спорттық аула клубтарын және тағысын тағыларды салуды бастау керек. Бәрінен бұрын өзіңнен, өз отбасыңнан бастаған жөн.
Халықтың барлық жігін спортпен айналысуға насихаттау және тарту адамдардың бойында рух беріктігін, шыдамдылық пен күштілікті, қайсарлықты тәрбиелеуге ықпал жасайды. Спортпен айналысуға әркімнің қол жеткізе алуы сияқты, нағыз өмірлік құндылықтарды адам бойына сіңіру қажет.
Тұрғындардың өздері мұз айдынын жасап, жаттықтырушылардың аула командаларын жасақтаған кездері аға буынның есінде болар, меніңше, бұқаралық спортты дамытуда өткеннің озық дәстүрлерін үйренудің берері мол.
Өңірлердегі спорт объектілерінің саны әлі де болса көбейтуді қажет ететіні сөзсіз. Алайда мемлекет дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде шаралар қабылдауда. Бұған 2009 жылғы Жол картасын іске асыру маңызды үлес қосты. Қазіргі таңда спорт саласындағы 56 объектіде, соның ішінде 36 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде, 1 жоғары спорттық шеберлік мектебінде, 6 облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта, 3 олимпиадалық резерв даярлығы орталығында, 5 спорт кешенінде, 4 стадионда, 1 дене шынықтыру-спорттық диспансерде жөндеу жұмыстары аяқталды. Жол картасы шеңберінде 3000-ға жуық жұмыс орны ашылды.
Үстіміздегі жылы осы бағытта жұмыс жалғастырылатын болады. Тағы да 55 спорт объектісін қайта жаңарту жоспарланып отыр, ол өз кезегінде 2800 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Дене шынықтыру мен спорт көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуде, адамдардың денсаулығын нығайтуда, жастарды дене тәрбиесі мен адамгершілік қасиеттеріне баулуда, халықтың бос уақытын ұйымдастыруда маңызды фактор болып табылатыны белгілі.
Н.Ә.Назарбаев «2011 жылғы Азия ойындарына дайындалып жатқан спорт инфрақұрылымы бұқаралық дене шынықтыру-спорт қозғалысын дамыту үшін қажетті алғышарттарды қалыптастырады» деп атап өтті өз сөзінде.
Бұл шынымен де солай. Біз шаңғымен секіруге арналған трамплиндердің (К-90, К-120), шаңғы және биатлон стадионының құрылысын жүргізіп жатырмыз, бұған қоса, Б.Шолақ атындағы спорт сарайы мен «Қазақстан» спорт сарайы қайта жаңартылуда. Аталған объектілер ірі спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін ғана емес, сондай-ақ спортпен, дене шынықтырумен айналысу үшін де есіктерін айқара ашады. Айталық, «Медеу» мұз айдынында боксқа, күреске, баскетболға, кіші футболға арналған түрлі бағыттағы спорт залдары, жаттығу залдары орналастырылатын болады.
Осылайша, Мемлекет Басшысы жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық қолайлы жағдайларды жасап отыр. Мықты іргетас қаланды. Сондықтан да өз әлеуетімізді танытып, отбасымыздың денсаулығын нығайта отырып, өз патриоттығымыз бен азаматтық ұстанымымызды дәлелдер шақ туды деп ойлаймын.
Одним из стратегических приоритетов развития до 2020 года Президент поставил обеспечение здоровья казахстанцев. «Здоровый образ жизни и принцип солидарной ответственности человека за свое здоровье - вот что должно стать главным в государственной политике в сфере здравоохранения и повседневной жизни населения»,- заявил в своем обращении Н.А. Назарбаев.
За годы независимости, несмотря на все сложности становления нашего молодого государства, была проделана определенная работа по развитию массового спорта и спорта высших достижений. И наши победы на комплексных международных соревнованиях и чемпионатах мира этому подтверждение. На сегодняшний день государственная политика развития физической культуры и спорта направлена на пропаганду здорового образа жизни, развитие массовых видов спорта путем вовлечения всех слоев населения, развитие материально-технической базы спорта, отвечающей международным требованиям. В настоящее время ведется огромная работа по совершенствованию законодательной базы спортивной отрасли.
При этом хочу отметить, что Стратегия модернизации стала мощным импульсом развитию социальной инфраструктуры по всей стране, в том числе в отрасли спорта.
Президентом дано конкретное задание Министерству туризма и спорта и акимам всех уровней определить совместные мероприятия, направленные на развитие массового спорта и занятие физической культурой в нашей стране. И эту задачу необходимо решать только сообща, чтоб мы смогли в будущем увидеть здоровую нацию, чтобы мы могли иметь резерв для большого спорта.
На сегодняшний день число систематически занимающихся физической культурой и спортом составляет почти 2,5 миллиона человек. Увеличилось количество ДЮСШ до 415-ти, где задействовано 226 тысяч детей и подростков. Кроме того, в республике функционируют 15 школ-интернатов для одаренных в спорте детей, в которых занимается около 4 тысяч спортсменов. Президент страны поставил задачу – увеличение числа занимающихся массовых спортом до 30% населения. Ведь это вопрос будущего здорового поколения, а значит – стратегического развития страны.
Отсутствие материально-технической базы – это далеко не объяснение отсутствия массовости в спорте. Сегодня насчитывается более 26 тысяч спортивных сооружений. В год по всем регионам Казахстана проводится 18 тысяч спортивных мероприятий. Но этого мало, и думаю, нужно предпринимать инициативы на местах: в аулах, в небольших городах, в крупных мегаполисах, а также на предприятиях и в организациях. Соревнования, спартакиады, универсиады и др. должны стать не разовыми мероприятиями, а системными, регулярными, ежегодными, календарными событиями. Строительство теннисных кортов, баскетбольных площадок, спортивных дворовых клубов, не важно простых или современных - главное надо с чего-то начать. И как это ни банально - начинать надо с себя, со своего дома.
Хочу сказать, что наш Президент личным примером пропагандирует спорт. Ежедневно один час он посвящает утренней зарядке. Благодаря ему, получили развитие и стали популярными такие виды спорта как горные лыжи, большой теннис, плавание и другое.
Важна пропаганда и вовлечение всех слоев населения в занятие спортом, что будет способствовать воспитанию в людях крепости духа, выносливости и силы. Необходимо воспитывать настоящие жизненные ценности, одна из которых — развитие массового доступного спорта.
Люди старшего поколения прекрасно помнят, как сами жители дворов заливали ледовые катки, как тренер созывал дворовые команды. Думаю, нам стоит перенять лучшие традиции прошлого для достижения массовости и здоровья населения в будущем.
Безусловно, спортивных объектов, особенно в регионах, недостаточно. Но государство принимает меры по укреплению материально-технической базы физической культуры и спорта. Значительный вклад внесла и реализация Дорожной карты в 2009 году. В настоящее время ремонтные работы в сфере спорта завершены на 56 объектах, в том числе спортивные помещения 36 детско-юношеских спортивных школ, 1 школа высшего спортивного мастерства, 6 областных школ-интернатов для одаренных в спорте детей, 3 центра подготовки олимпийского резерва, 5 спортивных комплексов, 4 стадиона, 1 физкультурно-спортивный диспансер. В рамках Дорожной карты создано около 3000 рабочих мест.
В этом году продолжится работа в данном направлении. Запланирована реконструкция еще 55 спортивных объектов, что создаст около 2800 рабочих мест.
Можно с уверенностью сказать, что физическая культура и спорт являются важнейшими факторами в решении многих социальных проблем - укрепления здоровья людей, воспитания физической и нравственной закалки молодежи, организации досуга населения.
Н.А. Назарбаев еще раз подчеркнул, что «спортивная инфраструктура, которую мы готовим к Азиатским играм 2011 года, создаст необходимые предпосылки для развития массового физкультурного спортивного движения».
Таким образом, Главой государства созданы все благоприятные условия для достижения высоких спортивных результатов. Заложен твердый фундамент. Поэтому именно сегодня нам выпал шанс проявить свой потенциал, укрепить здоровье нации, тем самым доказать свой патриотизм, гражданскую позицию.